Елімізден барған туристер, Гидра аралында яхтадан от шашу жасап, орман өртіне сеп болған. Бақ беттеріндегі ақпараттарға сенсек, жағымсыз жағдай 21 маусым күні орын алған.
“Шетелдік туристер не істеп қойғандарын түсінгенде, жағаға жетіп, өртті өз беттерінше сөндіруге тырысқан. Бірақ бұл қолдарынан келмеген соң, кешігіп өрт күзетіне қоңырау шалған және оқиға орнынан тайып тұрған”, – деп жазады ProNews арал билігінің ресми ақпаратына сілтеме жасап.
Оқиға орнына өрт сөндірушілер келіп, тік ұшақпен қызыл жалынды сөндіруіне тура келген.
Осыған байланысты, Гидра мэрі Гиоргос Кукудакис әкімшілік өртті ұйымдастырған шетелдіктерді сотқа беруге ниетті. Оқиғаға қатысы барлар, соның ішінде экипаж мүшелері де ұсталған.
Сондай-ақ, Euronews қазақстандықтардың Гидра (Идра) аралындағы жалғыз қарағайлы орманды жойып жібергенін хабарлады. Егер сот бұған қатысы барларға рақымшылық танытса, 200 мың еуроға дейін айыппұл салуы, егер қаталдық танытса, ұзаққа түрмеге қамауы мүмкін.