431
Тарихи-мәдени ескерткішті бүлдіргендер 3 жылға сотталады. Бұл туралы, Ішкі істер вице-министрі Марат Қожаев мәлімдеді. Оның айтуынша, тарихи, мәдени ескерткіштерді қиратып, залал келтіргендер, 200 айлық есептік көрсеткіште айыппұл арқалайды.
“Вандализммен жазаға тартылғандарға бұрын 100 айлық есептік көрсеткіш бойынша айыппұл қарастырылған еді. Енді бұл 200 АЕК-ге көтерілді. Әкімшілік жаза ретінде құқық бұзушыны бұрын 40 тәулікке қамасақ, қазір 50 тәулікке қамау жазасын қолданамыз. Егер бірнеше адам болып заң бұзса 3 жылға дейін бас бостандығынан айыруды жөн көріп отырмыз. Қайталанса, ең ұзақ жаза қолданылады”, — деді Қожаев.
Сондай-ақ, вице-министр, бұл мәселені депутаттарда қолдап, бірауыздан дауыс бергенін жеткізді.