185
Суретке түсемін деп, суға батып кеткен 16 жастағы қыздың денесі табылды. Жас қыздың мәйіті Сайрам-су өзенінен 500 метр төмендегі ағыстан шығарылған.
Айта кетейік, жасөспірім осыдан үш күн бұрын “Сайрам- Өгем” табиғи паркінің аумағында, Қасқасу ауылынан 15 шақырым жердегі Сайрам-су өзеніне құлап кеткен болатын.
Достарының айтуынша, ол фотосессия жасау кезінде абайсызда өзенге құлаған.