165
Жағымсыз жағдай, Екібастұз қаласындағы балабақшалардың бірінде орын алған. Белгілі болғандай, тәрбиешінің көмекшісі химиялық сұйықтықты ыдыс жуу бөлмесінде қалдырған. Улы зат екенін білмеген 5 жастағы бала ішіп қойған деп хабарлады жергілікті білім бөлімінің мамандары.
Қазіргі таңда баланың жағдайы орташа. Ауыз қуысы күйіп қалған. Ақ халаттылардың жіті бақылауында.
Денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің мәліметінше, қоңырау 15 тамыз күні сағат 16:51-де Мәшһүр Жүсіп көшесі, 76/1 мекенжайындағы балабақшадан келіп түскен. Оқиға орнына дереу жеткен дәрігерлер, алдын-ала химиялық улану диагнозын қойған.
Айта кету керек, бұл факті бойынша тексеру жұмыстары жүргізілуде.