141
Шығыс Қазақстан облысының жергілікті тұрғынына терроризмді насихаттады деген айып тағылды. Облыстың апелляциялық соты, оны кінәлі деп танып, 7 жыл бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады деп хабарлады ҰҚК.
Сотталушы, мессенджерлер мен әлеуметтік желілер арқылы діндар адамдарды шетелдегі террористік әрекеттерге қатысуға шақырған.
Қазіргі таңда, үкім заңды күшіне енді.
Айта кетейік, жыл басынан бері ҰҚК жедел материалдары бойынша террористік сипаттағы қылмыстар үшін 38 адам түрлі жаза мерзімдеріне сотталған.