209
Қайғылы жағдай, Көкшетауда көпбалалы отбасында орын алған. Өз үйінде, өзіне қол салған қыз небәрі 9 жаста. Қазан айында 10 жасқа толар еді.
Жасөспірімнің денесін әкесі тапқан. Тез арада ауруханаға алып барғанымен, қызы тірі қалмады. Өйткені тым кеш еді.
Үшінші сынып оқушысының неліктен мұндай қадамға барғаны белгісіз. Қазіргі таңда, құзырлы орган өкілдері іс қозғады.
“Бұл факті бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. ҚР ҚІЖК-нің 201-бабына сәйкес өзге де ақпарат жариялауға жатпайды”,-делінген хабарламада.
Айта кетейік, қайтыс болған қыз ауруханаға тіркелмеген болып шықты.