ҚР Оқу-ағарту министрлігі Республикалық ғылыми-практикалық білім мазмұнын сараптау орталығында ағымдағы жылдың 2 қыркүйектен бастап жаңадан әзірленген оқулықтарға қоғамдық талқылау өтіп жатқандығын хабарлайды.
Ол үшін Білім мазмұнын сараптау орталығының https://bmso.kz сайтындағы «Оқу әдебиеттерін қоғамдық талқылау» бөліміне өту керек.
Іс-шараның мақсаты – педагогика қауымы мен белсенді азаматтардың жоғарыда аталып өткен оқулықтардың мазмұны мен құрылымына, әдістемесіне қатысты конструктивті пікірін білу, сын-ескертпелері мен ұсыныстарын назарға алу. Бұл сапалы, әрі ең тиімді деп танылған оқулықтарды іріктеу процесінде оң ықпал етеді деп хабарлады ҚР Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі.
Қоғамдық талқылауда төменде көрсетілген жаңадан әзірленген оқулықтар қаралады:
-4-сыныпқа арналған «Бейнелеу өнері», «Еңбекке баулу», «Орыс тілі» (оқыту орыс тілінде емес мектептер үшін), шет тілдері (ағылшын, француз,неміс тілі
-4-сыныпқа арналған «Цифрлық сауаттылық/Цифровая грамотность» пәнінен электронды оқулықтар.
Талқылауға мұғалімдер, ата-аналар, қоғамдық ұйымдардың өкілдері мен мектеп оқулықтарының сапасына бей-жай қарамайтын барлық азаматтар қатыса алады.