Париж Паралимпиадасында көк туымызды көкте желбіреткен жеңімпаздарымыз бен жүлдегерлер елге оралды. Оларды, жанкүйерлері мен жақындары, достары күтіп алды. Сондай-ақ, Ербол Мырзабосыновтың өзі де спортшыларды әуежайдан күтіп алды.
Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов Франция астанасында өткен XVII жазғы Паралимпия ойындарының жеңімпаздары – Ақмарал Науатбек (пара дзюдо) пен Давид Дегтярев (пара пауэрлифтинг), күміс жүлдегерлер – Ерғали Шәмей (пара дзюдо) мен Нұрдәулет Жұмағали (пара жүзу), қола медаль иегерлері – Даяна Федосова (пара дзюдо), Зарина Райфова (пара дзюдо), Жұрқамырза Шүкірбеков (пара дзюдо) және басқа да спорт түрлеріндегі ұлттық құрама спортшыларын Астана әуежайынан қарсы алды.
Айта кетейік, 28 тамыз бен 8 қыркүйек аралығында өткен байрақты бәсекеде ұлттық құрама спортшылары 2 алтын, 3 күміс және 4 қола медаль иеленіп, жалпыкомандалық есепте 39-орынға тұрақтады.