Жамбыл облысы: Байзақтағы жарылыс бойынша сотты болғандар 23 миллиард теңге беруге міндеттелді 

80

Шымкент қаласының азаматтық істер жөніндегі ауданаралық соты Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің төрт жауапкерден 25 093 038 236 теңге келтірілген материалдық залалды мемлекет пайдасына өндіру туралы талап қоюы бойынша істі қараған болатын.

«Жауапкерлер Аслан Бақытжанов, Руслан Несіпқалиев, Ерболат Тұранов және Әсет Әсілұлынанан әскери бөлімнің техникалық аумағында №14 инженерлік оқ-дәрілерді сақтау қоймасында өрт шығуына жол бергендері, яғни олардың іс-әрекеттерінен аса ірі мөлшерде шығын келгені сотпен анықталғандықтан, келтірілген материалдық залалды ортақтасқан түрде 23 764 530 881 теңге көлемінде мемлекет пайдасына өндіру туралы шешім қабылданды»,-делінген мәлімдемеде.

Естеріңізге сала кетейік, 2021 жылдың 26 тамызында сағат 18:40 шамасында Жамбыл облысы Байзақ ауданы Қайнар жол торабында орналасқан Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің №28349 әскери бөлімінің инженерлік оқ-дәрілер қоймасының бірінен өрт шығып, одан кейінгі жарылыстарға әкеліп соқтырған. Нәтижесінде 18 адам қаза тауып, бірнеше адам зардап шеккен. Сондай-ақ мемлекет пен жеке тұлғаларға аса ірі мөлшерде залал келтірілген болатын.

Жарылысты қолдан жасады деп жауапқа тартылған Әсет Әшірбай мен Ерболат Тұранов 13 жылға сотталды. Ал бөлім офицерлері Аслан Бақытжанов пен Руслан Несіпқалиев 5 жылға бас бостандығынан айырылған еді.

Алдыңғы пост
Автобустан құлап кеткен тұрғын 13 млн теңге өтемақы алды
Келесі пост
Жасөспірім қыздың қолы үйдің қоршауындағы арматураға кіріп кеткен

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu