211
Вьетнам астанасы Ханойда Хонгха өзенінің жағасында тұратын мыңдаған адам эвакуацияланды, деп хабарлайды Reuters агенттігі.
Табиғи апаттың салдарынан, шамамен 197 адам ажал құшқан. 800-ге жуық адам жарақат алған. 100 ден астам адам жоғалып кетті.
Азиядағы ең күшті тайфун дауыл мен нөсер жаңбырға ұласып, көпірлерді қиратты. Сондай-ақ, көліктерді су басып, бүкіл ауылдарды алып кетті. 50 мыңға жуық адам эвакуацияланды. Ел аумағындағы бірнеше мектептер жабылды.
Зардап шеккен аудандарда ауыз су мен азық-түлік жетіспей, шығын шамамен миллион долларды құрап отыр.
Бұдан бөлек, табиғи апат көптеген зауыттарға зақым келтіріп, жағалауда орналасқан өнеркәсіп орталықтарының экспортқа бағытталған қоймаларын су басып, олар жұмысын тоқтатуға мәжбүр болды.