Вьетнамда Тайфун салдарынан 200 ге жуық адам қаза тапты

161

Вьетнам астанасы Ханойда Хонгха өзенінің жағасында тұратын мыңдаған адам эвакуацияланды, деп хабарлайды Reuters агенттігі.

Табиғи апаттың салдарынан, шамамен 197 адам ажал құшқан. 800-ге жуық адам жарақат алған. 100 ден астам адам жоғалып кетті.

Азиядағы ең күшті тайфун дауыл мен нөсер жаңбырға ұласып, көпірлерді қиратты. Сондай-ақ, көліктерді су басып, бүкіл ауылдарды алып кетті. 50 мыңға жуық адам эвакуацияланды. Ел аумағындағы бірнеше мектептер жабылды.

Зардап шеккен аудандарда ауыз су мен азық-түлік жетіспей, шығын шамамен миллион долларды құрап отыр.

Бұдан бөлек, табиғи апат көптеген зауыттарға зақым келтіріп, жағалауда орналасқан өнеркәсіп орталықтарының экспортқа бағытталған қоймаларын су басып, олар жұмысын тоқтатуға мәжбүр болды.

Алдыңғы пост
Алматыда автобус көпірден құлап, өзге көлікті басып қалған
Келесі пост
Қазақстандықтар несие қарызын 5 жылға шегере алады

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu