Қазақстандықтар несие қарызын 5 жылға шегере алады

233

Несие төлей алмай жүргендер үшін жағымды жаңалық. Енді несие берешегі бар қазақстандықтар қарызын 5 жылға шегере алады. Десе де, кез-келген тұлға бұл мүмкіндікке ие бола алмайды.

Қаржы министрлігінің мәліметінше, бұл мүмкіндік кез келген адамға берілмейді. Тек бірнеше микроқаржы ұйымдары мен банктен ақша алып, қайтара алмай жүрген жандар өтініш бере алады. Сондай-ақ жалақысы өте аз, өзіне жетпейтін адам болуы тиіс дейді.

Несиені кейінге шегеру үшін:

– тұрғылықты жері бойынша сотқа жазбаша немесе электронды түрде өтініш қалдыру керек. Ол үшін кредиторлардың талаптарын орындай алмайтыныңызды растау қажет;

– несие сомасы көрсетіледі;

– атыңызда қандай мүлік бар екені туралы ақпарат бересіз;

– қалпына келтіру жоспары қаржы басқарушысымен бірлесіп әзірленеді және сотта бекітіледі. Ол үшін екі жақтың да, яғни борышкер мен қаржы ұйымының келісімі қажет;

– борышкердің өтініші қабылданған жағдайда қарызының үстінен қосылатын пайыз тоқтатылады. Жаңа несие берілмейді.

Ал сіздің қанша несиеңіз бар?

Алдыңғы пост
Вьетнамда Тайфун салдарынан 200 ге жуық адам қаза тапты
Келесі пост
Ермұрат Бапи: «2030 жылы соғыс басталуы мүмкін»

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu