271
Халық қалаулысы Ермұрат Бапи қорғаныс министрлігіне бөлінген қаржыны естіп, ашуға булықты. Оның сөзіне сенсек, бұл бюджет қорғанысымызды бекітуге жетпейтін көрінеді. Ол Украинаға бөлінген қаржымен салыстырып, алдағы уақытта соғыс болуы мүмкін деп отыр.
“Биылғы бюджетте 0,8, келесі 0,4% дейсіз. Бұл не қаржыландыру? Кім жауап береді? Қорғаныс министрлігі біздің қауіп-қатер – мамандарының есебі бойынша 2030 жылы соғыс болады. Біздің қорғаныс ведомствосында сондай болжам бар” – деді депутат.
Жалпы, соңғы кездері қорғаныс министрлігіне деген сенім азайып бара жатқан жоқ па? Өйткені, отан алдындағы борышын өтеуге кеткен кейбір сарбаздарды қорғай алмай отырмыз?