Соңғы үш жылда 270 әскери қызметкер көз жұмған

59

Қоғамда әскери өмірге қатысты сан түрлі пікір бар екені рас. Бауыр еті баласын отан алдындағы борышын өтеуге жібергісі келмейтіндердің де саны артып келеді. Өйткені, статистикалық көрсеткіш көңіл көншітпейді. Мәселен, соңғы үш жылда 270 әскери қызметкер көз жұмған.  Сондай-ақ,  төрт жылда 86 суицид оқиғасы тіркелген. Ал, апталдай 20 азамат өзіне қол салуға оқталған.

Осыған орай, «AMANAT» партиясы Фракциясының мүшесі Нартай Сәрсенғалиев, Қорғаныс министрі Руслан Жақсылықовқа әскердегі қазіргі жағдай жөнінде депутаттық сауал жолдады.

«Мемлекет басшысы биылғы жолдауында, әр ата-ана баласын мемлекетке сеніп тапсырады. Сондықтан, сарбаздардың денсаулығы мен қауіпсіздігіне ең алдымен армия басшылығы мен құқық қорғау органдары жауапты деп атап өтті. Өкінішке орай, әскердегі жағдай бұған мүлдем керғар болып тұр. Былтыр, Қорғаныс министрлігі әскери бөлімдерде 50 мыңнан астам камералар бар деген болатын. Ондағы жазбалар қайда? Әлде, Ербаян секілді бауырларымыз жарқат алғанда, камералар теріс қарап қалды ма? Әскердегі әлімжеттік бойынша жағдай түзелмек түгілі, керісінше ушығып кетті десе де болады»,- деді депутат.

Сондай-ақ, әскери қызметкерлердің айлығы аз деп отыр. Олардың әлеуметтік жағдайын көтеру кезек күттірмейтін мәселе дейді.

Алдыңғы пост
Короновирустың тағы бір толқыны басталуы мүмкін бе? 
Келесі пост
Автогаз құны жанармай бағасымен бірдей болады

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu