Сирек кездесетін жүктілік: Дәрігерлер жатыр мойнына ота жасап, балалы болу мүмкіндігін сақтап қалды

17

Шығыс Қазақстан мамандандырылған медициналық орталығының дәрігерлері жүктіліктің сирек түрі бар әйелге – жатыр мойны қуысына операция жасап, бала туу функциясын сақтап қалды.

«Жатырдан тыс жүктілік – сирек кездеседі және қауіпті асқыну болып табылады. Бұрын емдеудің жалғыз әдісі жатырды алып тастау болатын. Қазір біз жоғары технологиялық медициналық көмек көрсетіп, әйелдің ұрпақты болу ағзасын сақтап қалудамыз. Пациенттің денсаулығына қауіп төнбейді, ал болашақта ол дені сау бала туа алады», – деп атап өтті ШҚ ОММО гинекология бөлімішесінің меңгерушісі Әлия Қадырбаева.

Гинекология және инновациялық медицина бөлімшесінің дәрігерлері Ғұмар Қаденов, Шырын Мұхаматеқалиева, сондай-ақ аурухананың гинекология бөлімшесінің меңгерушісі Әлия Қадырбаева екі кезеңде операция жасады.

«Менің өміріме қауіп төнді. Менің оқиғам бүгінгі таңда мұндай қиын жағдайда әйелдің алдағы уақытта да бақытты ана болуға деген үмітін сақтап қалу үшін қазіргі таңда осындай мамандар мен медициналық технологиялардың бар екендігінің жарқын мысалы екеніне сенімдімін», – деп пациент дәрігерлерге алғысын білдірді.

Алдыңғы пост
Шымкентте 55 мың адамға айыппұл салынды
Келесі пост
Жер үйде газ жарылып, бір адам қаза тапты

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu