АҚШ, ЕО, БАӘ, Германия сынды елдер, Израиль мен Ливанға тез арада бітімге келуге шақырды деп жазылған Ақ үйдің сайтында.
Бұл бітімгершілік Израиль халқының немесе Ливанның тұрғындары үшін емес, өзге бейбіт адамдардың мүддесі үшін делінген мәлімдемеде. Яғни, шекараның екі жағындағы тұрғындар, үйлеріне қауіпсіз оралуы керек.
Сондай-ақ, бұл қақтығыс жақсылыққа апармайды. Және одан ары шиеленістіріп жібереді дейді.
«Біз барлық тараптарды, соның ішінде Израиль мен Ливан Үкіметтерін 1701 жылғы БҰҰ қауіпсіздік кеңесінің ережесіне сәйкес, атысты тоқтатуды, дереу мақұлдауға және дипломатиялық келісімге мүмкіндік беруге шақырамыз. Сондай-ақ, біз осы дағдарысты толығымен тоқтатуға бар күш жігерімізді саламыз. Ливан мен Израиль арасында келісім жасасу жөніндегі барлық дипломатиялық қарым-қатынасты қолдауға дайынбыз»-, делінген хабарламада.
Бұл құжатқа қол қойған елдердің қатарында Австралия, Канада, Франция, Италия, Жапония, Сауд Арабиясы, Ұлыбритания, Катар сынды елдер бар.
Естеріңізге сала кетейік, 17 қыркүйек күні Израиль Ливан тұрғындарының пейджерлеріне қашықтан шабуыл жасап, оларды жарып жіберген болатын. Ал, Хезболла жетекшісі Ливан өзінің бүкіл тарихындағы ең үлкен шабуылға ұшырағанын және жағдайды соғыс жағдайы деп сипаттағанын айтты.
Өзге елдердің билігі, Израильдің әрекеті аймақтағы шиеленісті күшейтіп, бірнеше майданда өршуге ықпал ететінін айтқан еді.