Қарттар күні – халықаралық мерекесі 1990 жылдың 14–інші желтоқсанында БҰҰ Бас Ассамблеясында ресми бекітілген. Атаулы мереке, 1991 жылдан бері 1 қазанда тойланып келеді.
Адам баласы қазыналы өткенімен, мағыналы бүгінімен және жарқын келешегімен өмір сүреді. Сондықтан xалқымыз ертеден-ақ үлкенге құрмет көрсетуді өсиет етіп, ұрпақтар арасындағы сабақтастыққа, үйлесімге ерекше мән берген.
Сондықтан, сіздердің өмір жолдарыңыз өскелең ұрпаққа өнеге, еңбек жолдарыңыз үлгі.
Бүгінгі ұрпақ үшін жасаған бар жақсылықтарыңыз үшін шынайы алғысымызды білдіреміз. Баршаңызға мықты денсаулық, сәттілік пен ұзақ ғұмыр, отбасыларыңызға бақыт, береке, бірлік тілейміз!
Айта кетейік, елімізде 80-нен астам белсенді ұзақ өмір сүру орталығы бар. Ол жерде, қариялар бос уақыттарын өткізіп, сүйікті істерімен шұғылданады.