96
Жамбыл облысы Б.Момышұлы ауылында орналасқан 2 қабатты мейрамхана ғимаратында өрт шықты. Қызыл жалын, мейрамхананың шатырын шарпып, мұнан соң, 400 шаршы метр алаңдағы 2-ші қабаттың шағын залына көшкен.
Өрт сөндірушілер ғимараттан 250 адамды эвакуациялады.
Оқиға орнында ТЖД жеке құрамынан 60-қа жуық адам, жедел құтқару жасағы, АМО, психологтар және 12 бірлік техника жұмыс жасады.
Өрт салдарынан 4 адам медициналық көмекке жүгінген. Оның біреуі ауруханаға жатқызылып, көмірқышқыл газымен уланған үш адам дәрігерлердің бақылауында.
Өрттің шығу себебі әзірге белгісіз. Алдағы уақытта оқиғаның ақ-қарасы анықталатын болады.
Зардап шеккендер туралы 112-ге ақпарат түскен жоқ.