Түркістан қаласының әкімі тағайындалды

159

Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің келісімі бойынша облыс әкімінің өкімімен Әзімбек Пазылбекұлы Түркістан қаласының әкімі лауазымына тағайындалды.

Жаңа әкімді қаланың активіне облыс әкімі Дархан Сатыбалды таныстырды. Қалалық мәслихат депутаттары қала әкімі лауазымына ұсынылған Әзімбек Пазылбекұлының кандидатурасын қолдап, дауыс берді.

Әзімбек Пазылбекұлы 1991 жылы Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданында дүниеге келген. Білімі – жоғары. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетін, М.С.Нәрікбаев атындағы Қазақ мемлекеттік заң университетін және «Болашақ» университетін бітірген. Мамандықтары – мемлекеттік және жергілікті басқару, экономика, құрылыс, құқықтану мамандығын бітірген.

Еңбек жолын 2013 жылы Қызылорда қалалық ішкі саясат бөлімі жетекші маманының міндетін атқарушы болып бастаған. 2015 жылы Қызылорда қаласының әкімі аппараты ұйымдастыру-инспекторлық бөлімінің бас инспекторы болса, одан кейін Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері және жер ресурстарын басқару комитетінің Коммуналдық шаруашылық басқармасының сарапшысы, бас сарапшысы болып еңбек еткен. 2017 жылдан бастап Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті Коммуналдық шаруашылық басқармасының бас сарапшысы, басшысы болып жұмыс істеген.

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі мен Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің басқармаларын басқарған. Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті төрағасының орынбасары, Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті төрағасының орынбасары лауазымдарын атқарған.

Алдыңғы пост
Есірткі таратумен айналысқан күдіктілер қылмыс үстінде ұсталды
Келесі пост
Василий Жиров Алматыда Ұлттық ұлан сарбаздарымен кездесті

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu