400
2024 жылдың 5 қазанында танымал қазақ әншісі, Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі Гүлнәр Сиқымбаева дүниеден озды. Ол өзінің өнер жолын “Гүлдер” ансамблінде бастаған, кейіннен көпшілікке “Мен саған өкпелемеймін”, “Мерекем – сен”, “Аяулым” сияқты әндерімен танылды. Соңғы жылдары сахнадан алыстап, Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінде ұстаздық еткен. Гүлнәр Сиқымбаева біраз уақыттан бері бүйрек ауруымен күресіп, арнайы аппаратпен ем қабылдаған болатын.
Марқұмның жаназасы 6 қазанда Түркістан облысы Төлеби ауданындағы туған ауылында өтеді.
Редакция атынан ағайын-туыстарына қайғырып көңіл айтамыз. Гүлнәр Сиқымбаеваның өмірден озуы — қазақ өнері үшін үлкен қайғы. Жатқан жері жайлы, иманы саламат болсын.