Шымкентте жосықсыз компаниялар 6,4 миллиард теңге шығын келтірген 

213

Қала прокуратурасы салық заңнамасының сақталуы және «көлеңкелі» экономикаға қарсы тұрудың заңдылығы бойынша тексеріс жүргізді.

Тексеріс нәтижесінде жосықсыз компаниялар 6,4 миллиард теңгеден астам сомаға нақты жұмыстарды орындамай,  жалған шот-фактура беру фактілері анықталды.

Аталған факт бойынша ҚР ҚК-нің 216-бабы 3-бөлігімен (Іс жүзінде жұмыстар орындалмай, қызметтер көрсетілмей, тауарлар тиеп-жөнелтілмей шот-фактура жазу бойынша әрекеттер жасау) қылмыстық іс қозғалып, Экономикалық тергеп-тексеру департаментіне жолданды деп хабарлады Шымкент қаласының прокуратурасы.

Сонымен қатар мемлекетке келтірілген залалды өндіру мақсатында қала прокуратурасымен сотқа 4 талап арыз берілді, олар қаралу сатысында.

Прокуратураның қадағалау актісінің қаралу нәтижесінде 17 лауазымды тұлға тәртіптік жауаптылыққа тартылды.

Алдыңғы пост
Қазақстан мен Австрия арасында тікелей әуе рейсі іске қосылмақ
Келесі пост
«Lenovo» директорларының бірі Ермек Жақыпжановтың денесі табылды

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu