Букмекерлік кеңселер мәжіліс депутаты Руслан Берденовті сотқа берді

116

Құмар ойынның тұңғиығында кеткендердің саны күн санап артып келеді. Тіпті, бесіктегі белі шықпаған балалар да, телефонның көмегімен ойыннан ақша таба алатынын біледі. Өйткені, оның жарнамасынан көз шалынады. Бастапқыда, қызық көрген адам, түбіне уыс-уыс ақшамен қалай түсіп кеткенін байқамай қалады. Күн артқан сайын, бәс тігу де арта береді. Қолындағы барынан айырылып, жақындармен жүздесуден қалады.

Талай отбасыны ойрандаған мәселені көтерген депутатқа, букмекерлік кеңселер шабуыл жасады. Олар, Respublica партиясынан сайланған Мәжіліс депутаты Руслан Берденовті сотқа берді. Ол, талай рет құмар ойынға қатысты өз ойын айтып, мәжілісте Қазақстанда ойын жарнамасына тыйым салу мәселесін көтерген болатын.

«Жауапкер Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты (“Respublica” саяси партиясы фракциясының мүшесі) бола тұра, ойын бизнесін ұйымдастырушылардың іскерлік беделіне нұқсан келтіретін жалған мәліметтерді таратуға бірнеше рет жол берді. Ол таратқан ақпараттар ойын бизнесі және спорттық бәс тігу саласындағы реттеуді қатаңдататын заң жобаларының негізінде пайдаланылды», – делінген букмекерлік кеңселердің Берденовке қарсы Алматы қаласы Бостандық аудандық сотына берген талап-арызында.

Букмекерлер қауымдастығы депутаттың айтқаны шындыққа жанаспайтынын айтып, компаниялардың абырой-беделіне нұқсан келтірді деп санайды.

Десе де, құмар ойынның жарнамасы бейберекет жерде көрсетіле бермеу қажет. Бұл дертпен қоғам болып күреспесе, түп-тамырымен жою қиын болмақ.

Алдыңғы пост
Қазақ тілін келемеждеген Черчесовқа сенім артуға болады ма? 
Келесі пост
Шерзаттың қазасы бойынша 10 адам күдікті деп танылды

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu