Криминалды топтардың жолы кесілді

165

Қарағанды облысында биыл ауыр қылмыс жасауға қатысы бар алты қылмыстық топ ұсталды. Бопсалаудың 40-тан астам фактісі анықталып, жолы кесілді деп хабарлайды Polisia..kz.

Сондай-ақ, ІІМ 15 қазанда Шахтинск қаласында ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасы жастар тобын ұстады. Оның құрамына аралас жекпе-жек жаттықтырушысы кірген. Олар жергілікті тұрғындарды, сондай-ақ “Qarmet” АҚ қызметкерлерін бопсалаған.

«Бұған дейін Теміртау, Саран, Абай қалаларында ауыр қылмыстарға, сонымен қатар “Qarmet” АҚ объектілерінен тауарлық-материалдық құндылықтарды ұрлауға және кәсіпорын қызметкерлерін бопсалауға қатысы бар басқа да қылмыстық топтардың қатысушылары ұсталған болатын. Осы фактілер бойынша ішкі істер органдарына барлығы 100-ден астам күдікті жеткізілді, олардың 39-ы қамауға алынды. 150-ге жуық тінту шаралары жүргізілді. Қару-жарақ пен оқ-дәрілер, сондай-ақ басқа да заттай дәлелдемелер тәркіленді. Ауыр қылмыстардың 16 эпизоды бойынша үш қылмыстық іс сотқа жіберілді. Криминалдық топтардың жолын кесу нәтижесінде өңірде 30-дан астам атыс және травматикалық қару, оқ-дәрілер тәркіленді. Өңірлерде құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету бойынша жұмыс жалғасуда», – деді ІІМ ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес департаменті өкілі Қуандық Алпыс.

Алдыңғы пост
Заңсыз вейптерді тасымалдаған азаматтың бас бостандығы шектелді
Келесі пост
«Хуторский»: Хасан мен сенат төрағасының орынбасары Жақып Асановтың қандай байланысы бар?

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu