248
Арман Жұмагелдиев (Дикий Арман) пен бизнесмен Қайрат Құдайбергеннің үстінен қозғалған қылмыстық іс Алматы қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотына жіберілді.
Іс материалдары сотқа 4 қыркүйекте келіп түскен. Қалалық соттың хабарлауынша, әзірге сот отырысы қай күні басталатыны белгісіз.
Айта кетейік, Арман Жұмагелдиев пен Қайрат Құдайбергенге қаңтар оқиғасы кезінде жаппай тәртіпсіздіктерді ұйымдастырды деген айып тағылып отыр.