​Жамбылдық келін енесінің атынан несие рәсімдеп, сазға отырғызып кетті

Теги:
251

Жамбыл облысы Т.Рысқұлов ауданының 57 жастағы тұрғыны алаяқтың құрбаны болды. Полицияға арызданған әйел белгісіз адам банк қосымшасы арқылы оның атына 750 мың теңге көлемінде несие рәсімдеп алғанын айтқан. Жәбірленушінің несиеден мүлдем хабары болмаған. Ол осы уақытқа дейін тек 100 мың теңге көлемінде рәсімдеген несиесін ай сайын төлеп жүрген. Тек банк қызметкері хабарласып, төленбеген несиесі бар екенін ескерткен кезде бір-ақ біліпті.

«Жедел-іздестіру жұмыстарының нәтижесінде алаяқтыққа қатысы бар Т.Рысқұлов ауданының 23 жастағы тұрғыны анықталып, полиция бөліміне жеткізілді. Күдікті кінәсін толық мойындады. Ол жәбірленушінің келiнi болып шықты» деп атап өтті облыстық Полиция департаментіндегілер.

Қазіргі уақытта Қылмыстық кодекстің 190-бабы 1-бөлігімен (Алаяқтық, яғни бөтеннің мүлкін жымқыру немесе алдау немесе сенімді теріс пайдалану жолымен бөтен мүлiкке құқықты иемдену) сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Алдыңғы пост
Трамп өзінің 2024 жылғы сайлауға қатысу ықтималдығы жоғары екенін мәлімдеді
Келесі пост
Шетелдік инвесторлар Түркістанда кабель және керамика өнімдерін шығаратын зауыттар салмақшы

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu