155
Ұлттық қауіпсіздік комитетінің шекара қызметі, небәрі екі күнде, яғни 14-16 қазан аралығында мемлекеттік шекарадағы өткізу пункттерінде басқа мемлекеттің азаматтығы бар Қазақстан Республикасының жеті азаматын ұстады.
Ұсталған адамдар,тиісті шара қабылдануы үшін, полиция органдарына берілді.
ҰҚК Шекара қызметі ҚР заңнамасына сәйкес екінші азаматтықтың болуы 200 АЕК-ке дейін айыппұлмен немесе әкімшілік шығарып жіберумен жазаланатынын еске салады.