Грузияда оппозициялық партиялардың жақтастары митинг өткізді

98

20 қазан күні, Грузия астанасының орталығындағы Еркіндік алаңында оппозициялық партиялардың жақтастары митинг өткізді. Шеруге шамамен 50 мың адам қатысқан. Олар, “Грузия Еуроодақты таңдайды” деген ұранмен шыққан.

Еркіндік алаңына шыққандар, халықты 26 қазанда өткелі отырған парламент сайлауында биліктегі “Грузин арманы” партиясын алмастыру үшін төрт оппозициялық партияның бірін қолдап дауыс беруге шақырды.

Сондай-ақ, митингіге шыққандарға, ел президенті Саломе Зурабишвили сөз сөйлеп, пікір білдірді. Ол мыңдаған адам қатысқан сайлауалды митингіні ұмытылмас тарихи оқиға деп атады.

Зурабишвили Молдова президенті Майя Сандуға “Молдованың Еуропадағы болашағы жөнінде референдумда жеңіс” тілеп, Украина президенті Владимир Зеленскийге алғыс білдірді.

Естеріңізде болса, Еуроодақ Грузияның интеграция процесін шілде айында тоқтатқан болатын. Бұл туралы Еуропа Одағының Грузиядағы елшісі Павел Герчинский Тбилисиде Еуроодақтың кеңеюі туралы халықаралық конференцияда хабарлаған.

Алдыңғы пост
Жыл басынан бері қос азаматтығы бар 935 адам анықталды
Келесі пост
Көліктерді заңсыз тіркеуді бизнеске айналдырғандар ұсталды

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu