Жыл басынан бері 1 тоннадан астам есірткі заттары тәркіленді

85

2024 жылдың өзінде заңсыз айналымнан 1 тоннадан астам есірткі заттары тәркіленді. Оның ішінде 774 кг героин, 155 кг марихуана, 37 кг гашиш және гашиш майы, 34 кг көкнәр, сондай-ақ 1 кг синтетикалық есірткі бар. Тәркіленген заттардың «қара нарықтағы» құны 7 миллиард теңгеден астам деп бағаланып отыр деп хабарлады ҚР Бас прокуратурасы.

Мәселен, Ираннан героиннің ірі партиясын әкелудің жолы кесілді. Қылмыстық топ, есірткіні тұрмыстық тауарлар ретінде жасыруға тырысқан болатын.

Сонымен қатар, Еуропа, АҚШ және Таиландтан келген есірткі заттары бар 50-ден астам пошта жолданымдары ұсталды.

Естеріңізде болса, Қазақстан Президенті халыққа соңғы Жолдауында есірткі заттарын тұтынудың өсуіне алаңдаушылық білдіріп, бұл мәселенің ұлт денсаулығына айтарлықтай қауіп төндіретінін атап өткен болатын.

Осыған байланысты, есірткінің заңсыз айналымын тоқтату бойынша бақылау шаралары күшейтілген.

Алдыңғы пост
Жағымды жаңалық! Легионерлерге ақша бөлінбейді
Келесі пост
Бала көтеруді жоспарлаған әйел, алдын-ала тексеруден өтуге міндеттелмек

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu