140
Депутат, Елнұр Бейсенбаев мәжілістің жалпы отырысында Премьер-министр, Олжас Бектеновке және Қаржы нарығын реттеу және дамыту Агенттігінің төрайымы, Мадина Әбілқасымоваға депутаттық сауал жолдады. Ол, сақтандыру бойынша сөз қозғадч. Оның айтуынша, адам жол апатынан қайтыс болса, несиесі мұрагерлерден өндіріледі. Ал, оларға сақтандыру төленбейді. Егер асырауында адамдар болса ғана, төлем беріледі дейді.
«Тіпті жол апатынан бала көз жұмса да, сақтандыру заңнамасында ешқандай құқықтық негіз қаралмаған. Жануарларға төлем беріледі, ал адамдар үшін жоқ па? Бұл әділдік принципіне қарама-қайшы. Сақтандыру адамды қорғау керек, мәселе тудыру үшін емес», – дейді ол.