82
Шымкентте тұратын жүкті әйел шұғыл түрде №2 қалалық аурухананың перзентханасына жеткізілді. Ол қатты қан кетумен, 3-ші дәрежелі геморрагиялық шок жағдайында келіп түсті.
Операциялық үстелде оның жүрегі тоқтап қалды, бірақ құрамында анестезиологтар, акушер-гинекологтар, операциялық мейіргерлер, трансфузиологтар бар дәрігерлер тобы жүрек-өкпе реанимациясын сәтті жүргізді деп хабарлады ҚР ДСМ.
Бүгінгі таңда босанған әйел мен сәбидің жағдайы қанағаттанарлық және олар үйлеріне шығарылмақ.