Ірі қара малы жоқ кәсіпкер субсидия алған: Шығын 203 млн теңге

60

Түркістан облысының прокуратурасы мал шаруашылығын дамытуға субсидия ретінде бөлінген 200 млн теңгеден астам қаржыны жымқыру схемасын анықтады деп хабарлады ҚР Бас прокуратурасы.

Сауран ауданының тұрғыны «О» деген азамат 20 тұлғаның электронды цифрлық қолтаңбасын пайдаланып жалған мәліметтерді көрсетіп, үш жыл ішінде иеліктерінде шын мәнінде жоқ ірі қара малдарға мемлекеттен субсидия алған. Шығын көлемі 203 млн теңге.

«Облыс прокуратурасы қаражатты жымқыру фактісі бойынша құжаттарды СДТБТ-не тіркеп (Қылмыстық кодекстің 189-бабы 4–тармағы «Сенiп тапсырылған бөтен мүлiктi иемденiп алу немесе талан-таражға салу» бабы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру арнайы прокурорларға (облыс прокуратурасының қылмыстық қудалау басқармасы) жүктелген»,-деп жазылған мәлімдемеде.

Айта кетейін, күдікті 2 ай мерзімге қамауға алынды.

Алдыңғы пост
Роналду пенальтиден мүлт кетті: “Әл-Насрды” кубоктан айырды
Келесі пост
Бос уәдеге сенгендер, сергелдеңге түсті

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu