9 мың арнайы педагог мүгедек балалармен жұмыс істейді

77

Мүгедектігі бар тұлғаларды оқыту туралы Үкімет отырысында оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев баяндады. Бүгінгі таңда психологиялық-медициналық-педагогикалық консультация (ПМПК) есебінде 203 мың мүгедектігі бар бала тұр, олардың 66 мыңы – мектеп жасына дейінгі, 137 мыңы – мектеп жасындағы балалар. Аталған санаттағы балалар саны жыл сайын артуда деп хабарлады Үкіметтің телеграмм арнасы.

Арнайы қолдауға мұқтаж балаларды оқыту, тәрбиелеу, оңалту 496 мамандандырылған білім беру ұйымдарында жүзеге асырылады. Ерекше білім беру қажеттілігі бар балаларды оқыту үшін мектепке дейінгі ұйымдардың 69%-да, мектептердің 88%-да, колледждердің 80%-да жағдай жасалған. Мектептерде 1071 арнайы жабдықталған кабинет бар. Мүмкіндігі шектеулі балалармен қазіргі таңда 9 мың арнайы педагог жұмыс істейді. Мектепке дейінгі ұйымдарда да «педагог-ассистент» лауазымы енгізілуде.

«Тірек-қимыл аппаратының бұзылыстары бар балалар үшін мектепте «жеке көмекші» лауазымы енгізілуде. «Педагог» кәсіптік стандартына мүмкіндігі шектеулі балалармен жұмыс бойынша жаңа мамандықтар енгізілуде. Педагогтердің біліктілігін арттыру жұмыстары тұрақты жүргізіледі. Биыл курстардан 5 мың педагог өтті. Ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалардың өсуіне байланысты 3,5 мың арнайы педагогқа қажеттілік бар. Келесі оқу жылынан бастап «педагог-ассистенттер» колледждерде дайындалады, тиісті бұйрық қабылданды», — деді министр.

Алдыңғы пост
Шымкенттік полицей көпірден секірмек болған аруды құтқарды
Келесі пост
Дональд Трамп 88% АҚШ – тың келесі президенті болуы мүмкін

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu