31
Әуезов ауданы, Өтеген батыр көшесі бойындағы қойманы қызыл жалын шарпыды. Апатты жағдай орнына, жедел жеткен өрт сөндірушілер тілсіз жауды оқшаулады. Жоғары өрт жүктемесі және қатты түтін өрт сөндірушділерге қиындық тудырды. Десе де, сумен үзіліссіз қамтамасыз ету ұйымдастырылып, қызыл жалынның беті қайтарылды.
Зардап шеккендер туралы ақпарат түскен жоқ.
Өрт сөндірушілер, жақын орналасқан 3 қабатты әкімшілік ғимарат пен тауар-материалдық құндылықтары бар қоймаларды өрттен қорғап қалды.