Президент Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеровті қабылдады

157

Мемлекет басшысы, Түркістан облысының жаңа әкімі Нұралхан  Көшеровті қабылдап, алдағы жұмыс жоспарларымен танысты. Сондай-ақ, елдің әл-ауқатына қатысты бірқатар тапсырмалар жүктеді.

Облыс әкімінің баяндамасынан:

➤ Ислам даму банкі 135,5 миллиард теңгеге 24 ирригациялық жобаны қаржыландыруды мақұлдаған;

➤ Түркістан қаласы мен жақын маңдағы 6 ауданды сумен тұрақты қамтамасыз ету мақсатында «Бәйдібек ата» су қоймасының құрылысы жүргізіліп жатыр;

➤ мақта-тоқыма кластерінде құны 197 миллиард теңгені құрайтын 5 жоба іске асырылады;

➤ жүгері-сірне зауытының құрылысы басталған;

➤ Австралия тәжірибесіне сай ет бағытындағы мал шаруашылығын дамыту қолға алынған;

➤ биыл өңірде 32 мектеп салынып, 41 білім ошағына күрделі жөндеу жүргізіледі;

➤ медициналық-санитарлық алғашқы көмек көрсететін 32 нысан пайдалануға беріледі;

➤ 45 елді мекенге табиғи газ құбыры тартылады.

Қасым-Жомарт Тоқаев облыстың жаңа басшысына кеше қол қойылған «Түркістан қаласының ерекше мәртебесі туралы» Заңда айқындалған міндеттерді сапалы жүзеге асыру үшін Үкіметпен тығыз қарым-қатынаста жұмыс істеуді тапсырды.

Президент облыс тұрғындарының тұрмыс деңгейін жақсарту, туризм, ауыл шаруашылығы және шағын кәсіпкерлік бағыттарын дамыту, елді мекендерді ауыз сумен толықтай қамтамасыз ету міндеттерін жүктеді.

 

Алдыңғы пост
«Шымбұлақ» тау-шаңғы курорты былтыр 1,5 миллион қонақ қабылдады
Келесі пост
Ұстаздардың айлық жалақысы соңғы бес жылда қалай өсті? 

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu