73
Экологиялық акция еліміздің оңтүстік және батыс өңірлерінде өткізілді. Іс-шара көппәтерлі үйлердің аулалары мен қоғамдық кеңістіктерді көгалдандыруға бағытталған. Өз аулаларының экологиялық және эстетикалық жағдайын жақсарту мақсатында 50 мыңға жуық адам шықты. Бұл көпқабатты үйлердің тұрғындары, ТКШ өкілдері және еріктілер.
Акция аясында 17 мыңнан астам ағаш, бұта және сәндік өсімдіктер отырғызылды, сондай-ақ орындықтар, гүлзарлар мен сәндік элементтер орнатылды немесе жаңартылды деп хабарлады ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігі.
Естеріңізге сала кетейік, «Жасыл аула» акциясы «Таза Қазақстан» экологиялық мәдениетін дамыту тұжырымдамасы аясында өткізілуде