Бюджет мүдделері қорғалды

73

«Заң және Тәртіп» идеологиясын іске асыру аясында Ақтөбе облысының прокуратурасы аймақтағы аудандық ауруханалардың қызметін тексеру барысында қаржылық және медициналық есебіндегі бұзушылықтарды анықтады деп хабарлады ҚР Бас Прокуратурасы.

Қобда ауданында қызметтерді қайталау және көрсетілмеген қызметтер үшін емдеу және диагностикалық қызметтер санын негізсіз 20 млн теңгеден астам сомаға арттырған.

Сонымен қатар, медициналық лицензияға тиісті қосымшаларсыз 45 миллион теңгеден астам сомаға амбулаториялық-емханалық көмек заңсыз көрсетілген.

11 млн теңгеден асатын медициналық қызметтерді біліктілік талаптарына сай келмейтін қызметкерлер атқарғаны анықталды.

Мысалы, бейінді білімі жоқ аурухананың «іс жүргізушісі» 3 млн теңгеден астам сомаға мыңнан астам психологиялық кеңес өткізген. Нәтижесінде, заңсыз төленген бюджет қаражаты 80 млн астам теңгені құрады.

Прокурорлық қадағалау актісі бойынша бұзушылықтар жойылып, бюджет қаражаты қайтарылды, тұрғындардың құқықтары қалпына келтірілді, лауазымды тұлғалар тәртіптік және әкімшілік жауаптылықтарға тартылды.

Алдыңғы пост
Ұлытау облысында баланы ұрғаны үшін балабақша тәрбиешісі сотталды
Келесі пост
БҚО-да 1249 баланың құқығы бұзылған

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu