34
ТЖМ кезекші бөліміне Қызылорда облысында «Таң-Құмкөл» бағытында ұшқан бортында 3 адам бар АН-2 ұшағы мәжбүрлі түрде жерге қонғаны туралы хабарлама келіп түсті. Олардың қайда екені белгісіз еді.
Жедел іздестіруге ТЖМ барлық күштері мен құралдары тартылды. Сондай-ақ іздестіру жұмыстарын жүргізу үшін ҚР ТЖМ «Қазавиақұтқару» АҚ тікұшағы жұмылдырылды.
Іздестіру тобының жедел және үйлесімді іс-қимылдарының арқасында 8 сағаттан кейін түнде жоғалғандар ай даладан табылып, Қызылорда облысы Сырдария ауданы Тереңөзек кентіне жеткізілді. Олар медициналық көмекке мұқтаж болған жоқ.