Емші емдеді ме? Әлде сырқатына сырқат қосты ма? 

24

Емшіге барып, ем іздеген тұрғын, аяғын баса алмай қалған. Омыртқасы сыр берген науқас, әлеуметтік желіден тапқан емшінің көмегіне жүгінген. Алайда, емнің орнына, жұлыны зақымданып, омыртқасын сындырып алған. Бұл туралы №2 қалалық ауруханасының бас дәрігері Бақытжан Позилов мәлімдеді.

Шымкент қаласының тұрғыны, бел ауруына қатысты шағым айтып, дәрігерлердің көмегіне жүгінген. Ақ халаттылар омыртқа жотасына шұғыл түрде ота жасау керектігін жеткізген. Бірақ, науқас өз бетімен емделуді жөн санап, әлеуметтік желіден тапқан емшіге жүгінген. Алайда, емші ауырып барған адамды емдеудің орнына балғамен ұрып, омыртқасын сындырып жіберген. Ол аздай, жұлынға да зақым келіп, нәтижесінде науқас жүруден қалған.

«Науқастың сөзіне қарағанда, кереуетке жатқызып қойып, балғамен ұрған. Салдарынан, екі аяғында жансыздану болған. Сөйтіп, ертесіне қайта келуді сұраған. Бірақ, сол күні кешкісін бізде жедел жәрдеммен жеткізілді. Тез арада тексеру жүргіздік. Омыртқасын сындырып жіберген. Жұлынға да зақым келген. Науқас бізде бірнеше уақыт жатып, толықтай емделіп шықты. Екі аяғына жан бітті. Үйіне шығарылды»,-деді Бақытжан Позилов.

Қазіргі таңда науқастың жағдайы жақсы. Ешқандай шағымы жоқ дейді дәрігерлер. Сондықтан, дипломы жоқ мамандарға өз денсаулығыңызды сеніп тапсырмағаныңыз абзал деп отыр.

Жалпы остехондроз адам талғамайды. Бұл ауру көбінесе, жасы 40-50-ден асқан үлкен адамдарда кездеседі. Себебі ағза қартайғанда омыртқа арасындағы дисктер құрғап, иілгіштігін жоғалта бастайды дейді дәрігерлер. Әсіресе, отырып жұмыс істейтін кеңсе қызметкерлері мен жастарда мойын және бел остеохондрозы көптеп кездеседі екен.

Алдыңғы пост
«Магнум» және «Семейный» сауда желілерін бопсалағандары үшін сотталды
Келесі пост
Пара беремін деп, айыппұл арқалады

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu