Шымкент қаласы Тұран ауданы прокуратурасының үйлестіруімен кәмелетке толмаған балаларын асырауға алимент төлеуден қасақана жалтарған борышкер қылмыстық жауаптылыққа тартылды.
Атап айтқанда, борышкер мүмкіндігі бола тұра өз міндеттерін орындау бойынша ұзақ уақыт бойы 1 171 723 теңгені құрайтын берешекті өтемеген.
Бұған дейін ол Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 669-бабының 1-бөлігі бойынша әкімшілік жауаптылыққа, сондай-ақ 2022 жылдың 11 шілдеде осындай құқық бұзушылық үшін Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 139-бабы бойынша қылмыстық жауаптылыққа тартылған.
Осыған байланысты соттың 2025 жылғы 16 мамырдағы үкімімен Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 139-бабы бойынша кінәлі деп танылып, 6 ай мерзімге бас бостандығынан айырылды.
Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.