99
Сәтбаев қаласында ер адам қызға подъезде шабуыл жасап, зорламақ болды.
Желіде тараған видеода қыздың үй подъезіне кіріп, пәтеріне бет алған сәті көрінеді. Артынан ер адам ілесіп кіргенін ол байқамай қалады. Біраздан соң, ер адам қызға шабуыл жасап, басынан ұстап, аузын қолымен жауып, оны баспалдақ астына сүйрей жөнеледі.
Бір кезде қыздың жанұшыра айқайлаған дауысы естіледі. Қарсылық көрсеткен қызбен арпалысқан соң, ер адам қашып кетеді. Аз уақыттан кейін көрші тұрғын қызға көмекке келіп, оның айтқандарынан кейін шабуылдаушының соңынан далаға шығады.
Полиция күдіктіні дереу қолға түсірді. Қазір ол, уақытша ұстау изоляторында. Аталған факт бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде.