АШМ департаменті басшысының бұрынғы орынбасары сот үкімімен жазаланды

67

Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық соты Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Кадрлық және әкімшілік қамтамасыз ету департаменті директорының бұрынғы орынбасары Б. Жолтайға қатысты үкім шығарды.

Соттың мәліметінше, ол қызметтік көлікті жөндеу үшін үлестес компанияны заңсыз тарту арқылы өзінің лауазымдық өкілеттіктерін асыра пайдаланған. Нәтижесінде мемлекетке 3,2 миллион теңге көлемінде залал келтірілген.

Сот шешімімен Б. Жолтай 3,4 миллион теңге айыппұл төлеуге міндеттеліп, өмір бойына мемлекеттік қызметте жұмыс істеу құқығынан айырылды.

Айта кету керек, бұл сот үкімі әлі заңды күшіне енген жоқ.

Алдыңғы пост
Жол апаты: Сегіз жастағы қыз аяғынан айырылды
Келесі пост
Айт намазынан соң, тұрғындар ұлттық ойын ойнайды

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu