Жыл соңына дейін 150 ауылдық елді мекеннің сумен қамту жағдайы жақсарады

37

Үкімет отырысында су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов Президенттің халықты сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету және ауылдық жерлерде сумен жабдықтауды дамыту бойынша жобаларды жүзеге асыру жөніндегі тапсырмасының орындалу барысы туралы баяндады деп хабарлады ҚР Үкіметінің ресми каналы.

Оның айтуынша, 2025 жылдың басынан бері 250 шақырымға жуық су құбыры желісі салынды. Жыл соңына дейін 6 облыста 10 жобаны пайдалануға беру жоспарлануда.

«Аталған жобаларды  іске асыру нәтижесінде шамамен 500 мың тұрғыны бар 150 ауылдық елді мекеннің сумен қамту жағдайы жақсарады, оның ішінде 1542 тұрғыны бар 4 ауылға алғаш рет орталықтандырылған ауызсу жүйесі қосылады»,— деп атап өтті министр.

Нұржан Нұржігітов үш облыста – Ақмола, Түркістан және Солтүстік Қазақстан облыстарында топтық су құбырларын реконструкциялаудың 6 жобасы бойынша жобалау-сметалық құжаттама әзірленіп жатқанын айтты. Аталған жобалар 102 шақырым су құбыры желілерін реконструкциялауды көздейді.

Бұл 335 мың адам тұратын 202 елді мекеннің сумен жабдықтау сапасын жақсартуға мүмкіндік береді.

 

Алдыңғы пост
Астана қаласында жалған терроризм фактісі бойынша 40-тан астам іс тіркелген
Келесі пост
Қазақстанда суды есепке алудың бірыңғай жүйесі құрылады

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu