Шымкентте адам өлтірген 19 жастағы жігіт 22 жылға сотталды

35

Шымкент қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында адам өлтіру және мәйітті қорлау фактісі бойынша қылмыстық іс қаралды. Іс бойынша Т. есімді азамат және оған көмектескен кәмелетке толмаған С. жауапқа тартылды.

🔹 Тергеу мәліметінше, 2025 жылғы 12 наурызда Т. танысы Е.-мен жанжал кезінде оны өлтіріп, кейін мәйітін қорлаған. Қылмыстың ізін жасыру үшін Т. кәмелетке толмаған С.-дан мәйітті жасыруға көмектесуін сұраған. Олар жәбірленушінің денесін басқа жерге апарып тастаған.

🔹 Сотталушылардың кінәсі өз мойындауларымен, куәгерлердің айғақтарымен, айғақ заттармен және сараптама қорытындыларымен дәлелденді.

🔹 Сот Т.-ның жасы 19-да екенін, бұрын сотты болмағанын және кінәсін ішінара мойындағанын, ал С.-ның кәмелетке толмағанын, шын өкінгенін және үшінші топтағы мүгедектігі бар екенін жазаны жеңілдететін мән-жай ретінде ескерді. Ауырлататын мән-жайлар анықталған жоқ.

🔹 Үкім бойынша Т. Қылмыстық кодекстің 99-бабы 2-бөлігі 14) тармағы және 314-бабының 1-бөлігі бойынша кінәлі деп танылып, қылмыстар жиынтығымен 22 жылға бас бостандығынан айырылды.

🔹 Ал С. ҚК-нің 432-бабымен кінәлі деп танылып, 2 жылға бас бостандығын шектеу жазасына кесілді. Алайда рақымшылық актісі қолданылып, жаза мерзімі 1 жыл 4 айға дейін қысқартылды.

🔹 Үкім әлі заңды күшіне енген жоқ.

 

Алдыңғы пост
Мемлекет басшысы отандық ЖИ жобаларымен танысты
Келесі пост
Маңғыстауда «LiveGood» қаржы пирамидасын басқарған күдіктіге қатысты іс сотқа жолданды

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu