Астанада полиция ер адамнан мефедрон және “экстази” есірткісін тәркіледі

37

Полицияға 26 жастағы азаматтың есірткі таратумен айналысуы мүмкін екені туралы хабарлама келіп түсті деп хабарлады ІІМ.

Нәтижесінде, “Қарасора – 2025” жедел алдын алу іс-шарасы аясында есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері Нәжімеденов көшесіндегі көпқабатты үйдің жанында күдіктіні ұстады.

«Оның пәтеріне тінту жүргізу барысында жасыл түсті таблетка тәрізді заттар салынған 314-тен астам орама мен ерекше иісі бар ақ түсті зат салынған пакетті тапты. Сараптама нәтижесінде, тәркіленген заттардың құрамында “экстази” атауымен танымал MDMA және меткатинон — мефедрон бар екенін көрсетті. Белгілі болғандай күдікті өз қызметін интернет-дүкендердің бірі арқылы жүзеге асырған. Ол үйлестірушінің нұсқауы бойынша тауарды алып, таратумен айналысқан. Аталған дерек бойынша қылмыстық іс тіркелді. Күдіктіні медициналық куәландыру барысында есірткі қолданғаны анықталып, ол сот шешімімен әкімшілік жауапкершілікке тартылды және 10 тәулікке арнайы қабылдағышқа қамалды. Бұл мерзім аяқталғаннан кейін ол тергеу аяқталғанша уақытша ұстау изоляторына ауыстырылады. Полиция азаматтарды синтетикалық және өзге де есірткі мен психотроптық заттарды жасырып қою арқылы тарату қылмыстық жауапкершілікке әкеп соғатынын ескертеді»,-деп жазылған мәлімдемеде.

Алдыңғы пост
Көлік вице-министрі пара алды деген күдікпен қамауға алынды
Келесі пост
Шымкентте Қажымұқан стадионы мен Дендросаябақ аралығындағы жаяу жүргіншілер аймағында велосипед, самокатпен жүруге тыйым салынды

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu