Алматыда алаяқтардың нөмірлерді ауыстыру үшін пайдаланатын тағы бір «Sim-Box» жабдығы анықталды

32

Құқық қорғау органдары, «Қазақтелеком» АҚ мен «Кселл» АҚ арасында жасалған меморандум аясында қала прокуратурасының үйлестіруімен Алматы қаласы ПД-ның Киберқылмыспен күрес басқармасының қызметкерлері қылмыстық техниканы пайдалану фактісін анықтады деп хабарлады ҚР Бас Прокуратурасының баспасөз қызметі.

«Бәйтереков көшесіндегі пәтерде жүргізілген жедел іс-шаралар барысында Ресей Федерациясының 18 жастағы азаматынан «Sim-Box», қазақстандық ұялы байланыс операторларының 300-ден астам сим-картасы және басқа да жабдықтар тәркіленді. «Sim-Box» жабдығы қылмыстық мақсатта телефон қоңырауларын жаппай жасау, таратуларды жіберу және абоненттік нөмірлерді ауыстыру үшін кеңінен қолданылады. Аталған факті бойынша 5 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы белгіленген Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 213-бабы (Абоненттік құрылғының сәйкестендіру кодын өзгертуге арналған бағдарламаларды құқыққа сыйымсыз пайдалану) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды»,-деп жазылған мәлімдемеде.

Биылғы жылы осыған ұқсас 7 іс сотқа жолданса, оның 4-і бойынша үкім шығарылған.

Алматы қаласының прокуратурасы азаматтарды абай болуға және банк картасының деректері мен кіру кодтарын бөгде адамдарға бермеуге шақырады. Мұндай жабдықты пайдалану мүмкіндігі туралы ақпарат болса, құқық қорғау органдарына хабарлаңыз.

Алдыңғы пост
Берденовке жасалған қастандыққа қатысты жаңа видео сотта көрсетілді
Келесі пост
Президент: «Мектеп әр бала үшін қауіпсіз жер болуға тиіс»

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu