Түркістан облысында 9 адам жол апатынан мерт болды

189

Түркістан облысында жантүршігерлік жол апатынан 9 адам қайтыс болды.

Бәйдібек аудандық полиция бөліміне 17 шілде күні сағат 09:00 шамасында Шаян ауылы маңында жол апаты болғандығы туралы хабарлама келіп түскен.

ІІМ Telegram-каналының жазуынша, облыстық маңызы бар Екпінді-Созақ тас жолы бойында Nissan, Toyota Camry және Volkswagen Grafter автокөліктері соқтығысқан. Апат салдарынан көліктер  өртенген.

Жол-көлік оқиғасынан 9 адам қайтыс болып, 13 адам ауруханаға жеткізілді. Екі адам медициналық көмектен бас тартты.

Алдын ала мәліметтер бойынша, Nissan автокөлігі қарсы бағытқа шығып кеткен.

Оқиға орнында полицейлер жұмыс жасауда. Болған оқиғаның толық мән-жайы анықталып жатыр.

Бұл факт Қылмыстық кодекстің 345-бабы бойынша тіркелді.

Алдыңғы пост
Мирас және Шапағат-2 шағын ауданында кәріз құбырлары жүргізілуде
Келесі пост
Шымкент әкімі”Бозарық” елді мекенінде жүргізіліп жатқан жұмыстармен танысты

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu