Бас прокуратура «Қорғас» АЭА аумағындағы 7 млрд теңгелік инвестициялық жобаның қайта іске қосылуына ықпал етті

58

Бас прокуратура «Қорғас» шекара маңы халықаралық ынтымақтастық орталығы (ШЫХО) арнайы экономикалық аймағында (АЭА) қытайлық инвестордың құқықтарын қорғап, 7 млрд теңгеге бағаланған жобаның қайта жандануына мүмкіндік жасады.

Инвесторлардың құқықтарын қорғау – прокуратура органдарының басты назарындағы бағыттардың бірі. Осы мақсатта Қытайлық «International castle» ЖШС-ның «Қолөнершілер қаласы» сауда павильонын салу жөніндегі жобасына қатысты туындаған проблемалық мәселелер оң шешімін тапты.

Компания АЭА қатысушылары тізілімінен тіркеуден бас тарту және қатысу шартының күшінің жойылуына байланысты жобаны жүзеге асыруда қиындықтарға тап болған. Бұған қоса, құрылыс материалдарын жеткізу барысында кедендік рәсімдер аяқталмай, Мемлекеттік кірістер органдары тарапынан инвесторға қосымша 1,4 млрд теңге көлемінде кедендік төлем есептелген.

Бас прокуратураның араласуымен бұл шектеулердің барлығы алынып, заңсыз есептелген төлемдер жойылды. Жіберілген заңбұзушылықтар үшін жауапты лауазымды тұлға тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

Осылайша, жалпы құны 7 млрд теңге болатын инвестициялық жоба қайта іске қосылды. Жоба аясында жаңа жұмыс орындары ашылып, өңірдің туристік және сауда әлеуетін дамыту көзделіп отыр. Сондай-ақ, жоба қытайлық туристердің Қазақстан тарапындағы АЭА-ға деген қызығушылығын арттыруға бағытталған.

Айта кетейік, егер сіз инвестор болсаңыз және жобаларды жүзеге асыру барысында қандай да бір кедергілерге тап болсаңыз, Бас прокуратураның кәсіпкерлер мен инвесторлардың құқықтарын қорғау жөніндегі Call-орталығына хабарласа аласыз:

📞 (7172) 30-17-93,

📱 +7-702-629-75-61.

 

Алдыңғы пост
Қазақстан сенімді әрі заманауи отын-энергетикалық кешені негізінде әртараптандырылған экономиканы дамытуды көздейді
Келесі пост
Астанада орынсыз пранк жасаған ер адам 10 тәулікке қамауға алынды

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu