Құтқарушылар тауда жоғалған екі жасөспірімді тапты

16

21 тамыз түні кешкі уақытта, ТЖД құтқарушыларына шұғыл қоңырау түсті. Хабарламада жастар тау шыңында жоғалып кеткені айтылған. Оқиға орнына құтқарушылар аттанып, екі жасөспірімді іздестіру жұмыстарын жүргізді.

«21 тамыз кешке олар Шукур асуы арқылы түсе бастағандарын хабарлаған. Соңғы байланыс 21:30-да тіркелді. Кейінірек телефон мен шам қуаты таусылып, қараңғыда қозғалу мүмкін болмады. Құтқарушылар бірнеше сағат ішінде таулы аймақты қарап шығып, жасөспірімдерді тапты. Олардың тауға арналмаған аяқ киім кигені анықталды»,-деп жазылған мәлімдемеде.

Қазір балалар аман-есен құтқарылып, ата-анасына тапсырылды. Медициналық көмек қажет болмады.

Алдыңғы пост
Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова көлік қаққан балалардың жағдайымен танысты

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu