«Арзан ұн сатамын» деген жас жігіт тұрғындарды сазға отырғызып кетті

191

Алматыда 26 жастағы жігіт халықты сазға отырғызып кетті. 1997 жылы дүниеге келген күдікті  тұрғындарды арзан бағада ұн сатамын деп алдап соққан. Ол бұл алаяқтық әрекетін интернет арқылы жүзеге асырған. Алаяқ арзан ұн сату туралы жалған хабарландырулар жариялап, сатып алушылардан алдын ала төлем талап етіп отырған. Ақшаны алғаннан кейін олармен байланысқа шығуын тоқтатқан. Қазіргі таңда оның екі дерекке қатысы бар екені анықталып отыр.

«Қылмыстық кодекстің 190-бабы 2-бөлігі бойынша қылмыстық іс тіркелді. Күдіктіні ұстау кезінде одан екі ұялы телефон тәркіленіп, олар айғақты зат ретінде қылмыстық іске тіркелді. Қазіргі уақытта іс бойынша басқа да мән-жайларды анықтау үшін тергеу амалдары жүргізілуде. Сондай-ақ басқа да ықтимал қылмыстық эпизодтарды анықтау жұмыстары жалғасуда», – деді Алмалы аудандық полиция басқармасының бастығы  Есен Ысқақов.

Алдыңғы пост
1991 жылдан бері Қазақстанға қанша қандас оралды?
Келесі пост
Итті көлікке байлап сүйреген жүргізуші көптің ашуын тудырды

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu