18 Aug, 19:10|Мемлекет басшысы «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ басқарма төрағасы Асхат Хасеновті қабылдады Қасым-Жомарт Тоқаевқа ұлттық компанияның биылғы жеті айда атқарған жұмысының нәтижелері жөнінде есеп берілді. Асхат Хасенов: ➤ «ҚазМұнайГаз» геологиялық барлау жұмыстарын белсенді жүргізіп келе жатқанын айтты. 🟦Биыл қолданыстағы кен орындарын қосымша барлау үшін жеті ұңғыманы бұрғылау жоспарланып отыр. Оның үшеуі бұрғыланды. 🟦Қытайдың CNOOC компаниясы алғаш рет еліміздегі геологиялық барлау ісіне қаржы құюға шешім қабылдады. Сондай-ақ Sinopec компаниясы Қазақстанға қомақты инвестиция салуға ниетті. Shell, Chevron, British Petroleum трансұлттық корпорациялары Атырау, Ақтөбе және Маңғыстау өңірлеріндегі учаскелерді жан-жақты зерттеуде. ➤ соңғы 7 айда мұнай мен конденсат өндірісінің көлемі 15,3 миллион тоннаны құрағаны туралы баяндады. 🟦Бұл 2024 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 9 пайызға жоғары. Ал табиғи және ілеспе газды өндіру көлемі 6,7 миллиард текше метрге жетті, яғни былтырғы жылдың көрсеткішінен 19 пайызға артық. 🟦Батыс Прорва (Атырау облысы), Өріктау (Ақтөбе облысы), Рожков (Батыс Қазақстан облысы) кен орындарында газ өңдеу көлемін ұлғайту жобалары жүзеге асырылып жатыр. ➤ мұнай тасымалдау көлемі 49 миллион тоннаны құрағаны туралы мәлімет берді. 🟦Қосымша тасымалдау бағыттарын дамыту жұмыстары қолға алынды: жеті айда Әзербайжан бағытына 0,9 миллион тонна, Германияға 1,1 миллион тонна мұнай тасымалданды. Мажарстанға 85 мың тонна көлемінде Қазақстан мұнайының алғашқы партиясы жеткізілді. 🟦Биыл отандық мұнай өңдеу зауыттарында 10,4 миллион тонна мұнай өңделді. Соның ішінде жанар-жағармай өндірісі 7,8 миллион тоннаға жетіп, 936 мың тоннаға ұлғайды. Бұл – рекордтық көрсеткіш. ➤ Маңғыстау облысындағы Кендірлі зауытында тұшытылған теңіз суы Жаңаөзен қаласының су тарату желісіне жіберіле бастағанын айтты. 🟦Бұдан бөлек, қуаты 247 МВт болатын гибридті электр стансасының құрылысы жүріп жатыр. Жылына 1 млн 250 мың тонна өнім шығаратын полиэтилен зауыты бой көтеруде. Жоба құны – 7,4 миллиард доллар. ➤ өңірлерде жүзеге асырылып жатқан әлеуметтік жобалар таныстырды. Президент: 📌геологиялық барлау және ірі инвестициялық бастамаларды іске асыру бойынша жүйелі жұмысты жалғастыруды тапсырды.
18 Aug, 8:48|«Өрлеу» бағдарлама аясында шағын және орта бизнестің 417 жобасы 203,7 млрд теңгеге жеңілдікпен қаржыландырылды
15 Aug, 17:06|Алматыда алаяқтардың нөмірлерді ауыстыру үшін пайдаланатын тағы бір «Sim-Box» жабдығы анықталды
18 Aug, 19:10Мемлекет басшысы «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ басқарма төрағасы Асхат Хасеновті қабылдады Қасым-Жомарт Тоқаевқа ұлттық компанияның биылғы жеті айда атқарған жұмысының нәтижелері жөнінде есеп берілді. Асхат Хасенов: ➤ «ҚазМұнайГаз» геологиялық барлау жұмыстарын белсенді жүргізіп келе жатқанын айтты. 🟦Биыл қолданыстағы кен орындарын қосымша барлау үшін жеті ұңғыманы бұрғылау жоспарланып отыр. Оның үшеуі бұрғыланды. 🟦Қытайдың CNOOC компаниясы алғаш рет еліміздегі геологиялық барлау ісіне қаржы құюға шешім қабылдады. Сондай-ақ Sinopec компаниясы Қазақстанға қомақты инвестиция салуға ниетті. Shell, Chevron, British Petroleum трансұлттық корпорациялары Атырау, Ақтөбе және Маңғыстау өңірлеріндегі учаскелерді жан-жақты зерттеуде. ➤ соңғы 7 айда мұнай мен конденсат өндірісінің көлемі 15,3 миллион тоннаны құрағаны туралы баяндады. 🟦Бұл 2024 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 9 пайызға жоғары. Ал табиғи және ілеспе газды өндіру көлемі 6,7 миллиард текше метрге жетті, яғни былтырғы жылдың көрсеткішінен 19 пайызға артық. 🟦Батыс Прорва (Атырау облысы), Өріктау (Ақтөбе облысы), Рожков (Батыс Қазақстан облысы) кен орындарында газ өңдеу көлемін ұлғайту жобалары жүзеге асырылып жатыр. ➤ мұнай тасымалдау көлемі 49 миллион тоннаны құрағаны туралы мәлімет берді. 🟦Қосымша тасымалдау бағыттарын дамыту жұмыстары қолға алынды: жеті айда Әзербайжан бағытына 0,9 миллион тонна, Германияға 1,1 миллион тонна мұнай тасымалданды. Мажарстанға 85 мың тонна көлемінде Қазақстан мұнайының алғашқы партиясы жеткізілді. 🟦Биыл отандық мұнай өңдеу зауыттарында 10,4 миллион тонна мұнай өңделді. Соның ішінде жанар-жағармай өндірісі 7,8 миллион тоннаға жетіп, 936 мың тоннаға ұлғайды. Бұл – рекордтық көрсеткіш. ➤ Маңғыстау облысындағы Кендірлі зауытында тұшытылған теңіз суы Жаңаөзен қаласының су тарату желісіне жіберіле бастағанын айтты. 🟦Бұдан бөлек, қуаты 247 МВт болатын гибридті электр стансасының құрылысы жүріп жатыр. Жылына 1 млн 250 мың тонна өнім шығаратын полиэтилен зауыты бой көтеруде. Жоба құны – 7,4 миллиард доллар. ➤ өңірлерде жүзеге асырылып жатқан әлеуметтік жобалар таныстырды. Президент: 📌геологиялық барлау және ірі инвестициялық бастамаларды іске асыру бойынша жүйелі жұмысты жалғастыруды тапсырды.
18 Aug, 8:48«Өрлеу» бағдарлама аясында шағын және орта бизнестің 417 жобасы 203,7 млрд теңгеге жеңілдікпен қаржыландырылды
15 Aug, 17:06Алматыда алаяқтардың нөмірлерді ауыстыру үшін пайдаланатын тағы бір «Sim-Box» жабдығы анықталды
ELITARkz | Әлемде | Барлық материалдар | Жаңалықтар | Қоғам1 Oct, 9:331 қазан – Халықаралық қарттар күні
ELITARkz | Барлық материалдар | Жаңалықтар | Қоғам30 Sep, 17:03Жамбыл облысы: Мейрамхана өртке оранып, 250 адам эвакуацияланды
ELITARkz | Барлық материалдар | Жаңалықтар | Қоғам30 Sep, 14:12Еліміздегі ең қарт әже 114 жасын атап өтті
ELITARkz | Барлық материалдар | Жаңалықтар | Қоғам | Қылмыс30 Sep, 14:09Өзінің ішкі ағзасын сатпақ болған азамат ұсталды
ELITARkz | Барлық материалдар | Жаңалықтар | Қоғам | Қылмыс27 Sep, 21:45Президентке қастандық жасамақ болған кім?
ELITARkz | Барлық материалдар | Білім | Жаңалықтар | Қоғам | Қылмыс27 Sep, 13:57Астаналық азамат ұлын суицидке итермелейтін ойындардан аман алып қалды
ELITARkz | Әлемде | Барлық материалдар | Жаңалықтар | Спорт27 Sep, 13:34Геннадий Головкин әуесқой бокстағы жаңа ұйымға төраға болып тағайындалды
ELITARkz | Әлемде | Барлық материалдар | Жаңалықтар | Спорт27 Sep, 11:02Тарихи жеңіс! Қазақстан футзалдан әлем чемпионатының ширек финалына шықты
ELITARkz | Барлық материалдар | Денсаулық | Жаңалықтар27 Sep, 10:56Денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі: «Бірде-бір шақырту назардан тыс қалмайды»